"Балалар кітапханасы" жобасы "Демалыста кітап оқимыз"
«Демалыста кітап оқимыз» жобасы — оқушыларды демалыс уақытында кітап оқуға ынталандыруға арналған бастама. Бұл жоба аясында балаларға қызықты танымдық кітаптар ұсынылып, оқылған кітаптарды талқылау және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар ата-аналардың да балалармен бірге кітап оқуына жағдай жасалды.



